Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдемесі

485

0

Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр.

Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек.

Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтан­ды­рудың бас­ты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құ­­қық­­тарын құр­меттеу, басқа мемлекет­терге қауіп төн­діретін топ­тар­дың болуына жол бермеу, халық­аралық құқықты сақ­тау туралы мәлімдемесін қол­дай­мыз.

Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогті бастау үшін қажетті шарт болуға тиіс.


egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<