Қазақстанда салушыны қалай тексеруге болады?

365

0

ФОТО

Қазақстанда салушының адалдығын тексеру үшін бірнеше негізгі қадам орындау қажет:

  1. Заңи мәртебесін тексеру: Құрылыс компаниясының оның заңи мәртебесін растайтын қажетті заңды құжаттарының бар болғанына көз жеткізіңіз. Ол мемлекеттік тіркелу немесе қайта тіркелу анықтамасын және құрылыс лицензиясын қамтиды.
  2. Электрондық лицензиялау порталы: Салушының құрылыс лицензиясының бар болуын тексеру үшін, elicense.kz сайтына кіріп шығыңыз. Бұл ресурс лицензияның бар болуы жайлы ақпаратты лезде алуға мүмкіндік береді.
  3. eGov платформасы: eGov.kz сайтында салушы заңды тұлғалар мемлекеттік тізілімінде тіркелгеніне көз жеткізуге болады. Ол үшін «Тіркелген заңды тұлға, филиалы немесе өкілдігі туралы ақпарат беру» қызметін таңдау қажет. Бұл тегін қызмет, жауабы 15 минут ішінде дайын болады.
  4. Жер телімі құжаттары: салушыда құрылыс жоспарланған жер телімі құжаттарының бар болуын тексеріңіз. Ол меншік құқығы немесе телімінің қолдану құқығын және құрылысқа арналған мақсатты тағайындаманың сәйкес болуын тексеруді қамтиды.
  5. Құрылысқа рұқсат беру: Салушының объектіні салу мен үлескерлердің қаражатын тарту рұқсатының болуына көз жеткізіңіз.
  6. Салушы мәртебесі: Салушының нарықтық мәртебесін зерттеңіз. Мұны әртүрлі форумдарда, әлеуметтік желілерде және компанияның ресми сайтындағы пікірлерді зерттеу арқылы істеуге болады. Компания нарықта неше жыл жұмыс істейтінін және қандай жобаларды іске асырғанын қарап шығыңыз – мұны Korter.kz сайтында «Салушылар» бөлімінде істеуге болады.
  7. Сату рұқсатын тексеру: Егер сіз салынып жатқан тұрғын үй кешенінде пәтерді сатып алуды қарастырсаңыз, салушы үлеске қатысу келісім-шартын жасасу құқығына ие екендігіне көз жеткізіңіз. Мұны тиісті мемлекеттік порталдарда немесе тікелей сәулет пен қала құрылысы басқармасында тексере аласыз.

Салушының адалдығын тексергеннен және пәтер сатып алу жайлы шешім қабылдағаннан кейін, өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді қарап анықтау маңызды. Ай сайынғы төлемдерді, пайыздық мөлшерлемелерін және ипотеканың жалпы құнын бағалау үшін ипотекалық калькуляторын қолданыңыз. Бұл құрал сізге кредиттің барлық мерзімінің ішінде төлеу қаншалықты қолайлы екенін түсінуге көмектеседі.

Салушының қажетті құжаттары

Салушының адалдығына сенімді болу үшін, оның келесідей төрт құжат түрінің бар екеніне көз жеткізіңіз:

  • Заңды құжаттары.
  • Жер телімін иелену құқығы жайлы құжат.
  • Құрылысқа рұқсат.
  • Үлескерлерден қаражатын тарту рұқсаты.

Құрылысқа арналған жер құжаттары

Салушыда тұрғын үй кешені құрылысына арналған жер телімінің барлық қажетті құжаттарының болуы негізгі жағы болып табылады.

Тиісті мемлекеттік актіде салушының көп қабатты үй немесе көп функционалды тұрғын үй кешенін салу мақсатымен бұл телімді иелену немесе қолдану құқығы бар болғаны анық көрсетілуі тиіс.

Тұрғын үй құрылысына арналмаған жерде немесе салушының оған заңды құқығы жоқ болса, объектінің заңсыз деп танылуына әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда сот шешімі бойынша ғимаратқа демонтаж жасауы мүмкін.

Тұрғын үй кешеніне арналған рұқсат құжаттары

Ықтимал сатып алушыларға ТК-нің сүйкімді буклеттері мен макетерін ұсынудан басқа, әрбір салушы Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясынан (МСҚИ) рұқсат құжаттарын иеленуі тиісті. Бұл құжаттар құрылыстың әртүрлі кезеңдерінде беріледі және келесіні қамтиды:

  • Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ).
  • Эскизді проектін бекіту.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы жайлы хабарландыру.

Сонымен қатар, ТК құрылысы қатаң бекітілген проектісіне сәйкес жүргізулуі маңызды. Бастапқы жоспардан қабаттар санының артуы сияқты кез келген ауытқушылықтар қырағылық туғызуы тиісті. Мұндай жағдайларда үйді сатып алу тәуекелді болуы мүмкін, өйткені сәулет органдары сот арқылы қосылған бөліктерінің демонтажын талап етуі мүмкін.

Салушының барлық қажетті құжаттарының бар болуын тексеру үшін, объектінің құрылыс аймағында орналасқан жергілікті сәулет басқармасына бару керек.

Жаңа салынған үйдегі пәтер сатып алу келісім-шартын рәсімдеу

Салушының барлық қажетті құжаттарының бар болуына көз жеткізгеннен кейін, келесі қадам ол келісім-шартқа қол қою болып табылады. Бұл жерде құрылыс жүрген тұрғын үйде пәтерді сатып алудың жалғыз заңды келісім-шарт түрі ол тұрғын үй құрылысындағы үлеске қатысу келісім-шарты екенін есте сақтау өте маңызды.

Салушының брондау, инвестициялау немесе цессиялар сияқты басқа келісім-шарт түрлерін рәсімдеу ұсыныстары тәуекелді болуы мүмкін. Бұл жағдайларда мемлекеттік кепілдіктіктер қолданылмайды, және сіз өз қаражатыңызды жоғалтып, пәтеріңізді ала алмауыңыз мүмкін.

Салушыларды тексеру рәсімдері ауысуы мүмкін, сондықтан да әрдайым заңгерлер мен жылжымайтын мүлік саласындағы мамандарының кеңесін алу пайдалы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<