Қазақстанның қай өңірлерінде күн жылынады?

507

0

«Қазгидромет» РМК 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биік жотаның батыстан шығысқа қарай жылжуымен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Сондай – ақ еліміздің басым бөлігінде антициклон сілемімен ауа райы жауын-шашынсыз. Тек аптаның басында республиканың шығыс бөлігінде, содан кейін батысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<