Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін

754

0

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде қазір +7 коды бар. АҚШ-қа барған сапарымда ITU басшысы Дорин Богдан Мартинамен кездестім. Біз осы мәселені талқыладық. +997-ге өту оңай. Бұл нөмір бізге арнап резервке қойылған. Бірақ мен ITU-ға +7 орнына +77 кодын қалдыруды ұсындым. Алайда ITU бір күнде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және осындай сұраныстар бойынша отырыстар, талқылаулар өткізуі керек. Олар бізге ауысу туралы ұсынысты талқылаймыз деп уәде берді. Қазақстанның басқа елдермен бірге қолданатын +7 емес, +77 коды болады деп үміттенеміз», – деп жауап берді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілер сұрағына.

Бұған дейін Цифрлық даму министрі Қазақстандағы интернетке көңілі толатынын, қолайлы бағаға қолайлы интернет бар екенін айтқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<