Қоғамдық көліктер мәселесі назарда

709

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып  қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» әлеуметтік жобасы аясында  № 18,11,14,1,6,5,4 бағыттағы қоғамдық көліктердің ақырғы аялдамаларында қоғамдық бақылау өткізілді. Онда қаралған мәселе − жоғарыда аталған бағыттарда қоғамдық көліктердің белгілі аялдамаларға тоқтамай, оқушыларды алмай кетуі. Шара барысында көліктің тазалығына басты көңіл бөлініп, көлік жүргізушілері мен кондукторларға мәдениетті қызмет көрсету және уақыт интервалын сақтау, жылдамдықты асырмау секілді мәселелер қаралды.

Қоғамдық бақылауға облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қаршыға Есімсейтова, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент жанындағы облыстық арнайы мониторинг тобының және Азаматтық альянс қауымдастығының мүшесі Майра Боранбаева, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі жетекші маманы Әйгерім Диханбаева, “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының үйлестірушісі Перизат Әбдіғапбар қатысты.

Қоғамдық көліктердегі жүргізуші мен кондуктордың міндеттері, жүру ережелері туралы айтылды. Қоғамдық көліктерлің жүргізушілерінің өтініштері бойынша қала тұрғындары және оқушылар аялдамада тұруын сұрады. Айта кетейік, шара барысында кемшіліктердің анықталуы сирек кездесті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<