Құқықтық сана – қауымға пана

175

0

Фото автордан

Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей интернатында «Құқықтық сана –қауымға пана» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты кездесу өтті.

Кездесуге аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ғ.Мухамедьяров, №250 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бертілеуов, №250 мектеп-лицейінің дефектологы Ж.Утегенова және интернат тәрбиеленушілері қатысты.

Кездесуді интернат тәрбиешісі Э.Қойшыбаева жүргізіп, балалар мен жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен өмір, жол қауіпсіздігін сақтау бағытында арнайы дайындалған слайд көрсетіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты – құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Кездесу барысында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ЮПТ-ның полиция капитаны Ғ. Мухамедьяров жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, заңдық кеңестер берді, өз кезегінде интернат тәрбиеленушілері сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Сонымен қатар кездесу соңында оқушылар мен қатысушылар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жайлы постер әдісі бойынша плакаттарға өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында №250 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бертілеуов ой-пікірін білдіріп қорытындылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<