Қытайлық зонд Айдың арғы жағындағы топырақ үлгілерін Жерге жеткізді

224

0

Фото: ашық дереккөз

Қытайдың “Чанъэ-6” ай зонды тарихта алғаш рет Айдың арғы жағынан Жерге топырақ үлгілерін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеме екі айға созылған ауыр миссиядан кейін 25 маусым күні Ішкі Моңғолия шөліне қонды.

“Чанъэ-6” әкелген топырақ үлгілері ғалымдарға планеталардың қалай пайда болатыны туралы негізгі сұрақтарға жауап табуға көмектесуі мүмкін.

Қытай Айдың арғы жағына ғарыш аппаратын қондырған жалғыз ел және оны екі рет орындады. 2019 жылы қытайлықтар Айға қону платформасы мен ровер жеткізді. Ол бірнеше ай бойы жұмыс істеді.

Айдың арғы бетіне қону қиын іс, әрі ол жердің рельефі күрделі. Қонуға қолайлы тегіс беттер аз және орналасқан құрылғылармен байланысты сақтау қиынырақ.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жер серігінің сырт жағында мыңдаған кратерлері бар жер қыртысының ескі және қалың қабаты жабылған. Бұл «алдыңғы» жағынан ерекшеленеді. Оның бетінің едәуір бөлігі ежелгі дәуірде лаваға толтырылған.

Ғалымдардың сөзінше, оның артқы жағында су, оттегі және сутегін алуға болатын мұз іздері бар.

“Чанъэ-6” мамыр айының басында Вэньчан спутниктік орталығынан ұшып, бірнеше аптадан кейін Айдың оңтүстік полюсіне жақын кратерге сәтті қонды. Оның ұшуы 53 күнге созылды.

Зерттеу енді Бейжіңге жіберіліп, одан алынған үлгілер зерттеледі.

Фото: CGTN

“Чанъэ-6” ай зонды бұрғы және роботты қолдың көмегімен тастар мен топырақ үлгілерін жинап, жер бетін бірнеше суретке түсіріп, Айға Қытай туын тіккен.

Соңғы онжылдықта Бейжің АҚШ пен Ресейді қуып жетуге тырысып, өзінің ғарыштық бағдарламасына қомақты қаржы бөлді.

Қытай 2030 жылға қарай алғашқы ғарышкерлерін Айға қондырмақ. Сондай-ақ Марс пен Юпитерден топырақ үлгілерін жинауға ниетті.

Келесі “Чанъэ-7” құрылғысы спутнигіміздің оңтүстік полюсінде су іздейді. Ал “Чанъэ-8” Айда тұрақты база құрудың техникалық мүмкіндіктерін зерттеуді қолға алмақ.

Халықаралық Айды зерттеу станциясының (ILRS) құрылысын ресейлік серіктестермен бірлесіп жүргізу жоспарланып отыр. Бірнеше жыл бұрын Роскосмоспен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойылған, бірақ нақты жоспарлар хабарланбады.

Сондай-ақ АҚШ астронавтарды 2026 жылға қарай Artemida 3 миссиясымен Айға жіберуді жоспарлап отыр.

Сарапшылардың пайымдауынша, жаңа ғарыштық жарыс Айға ғарышкерлерді жіберу мәселесінде ғана емес, сонымен қатар Ай ресурстарын бақылау төңірегінде өрбиді.

Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония және басқа елдер (соның ішінде Еуропалық Одақ) Айды егжей-тегжейлі зерттеу және ондағы пайдалы қазбаларды өндіру үшін қажетті тұрақты инфрақұрылымды алдағы 15-20 жылда салуға уәде береді.

Халықаралық құқық елдерге Айды бөліктерге бөлуге және өз территориясын өз меншігі деп жариялауға тыйым салады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<