Қызылорда облысында сайлау өтеді

240

0

Фото автордан

31 наурызда Қызылорда өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.

Аймақ бойынша сайлау науқаны Қызылорда қаласында және Арал, Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылады.

Сайлау күні 3 округ бойынша 27 учаскелік комиссия жұмыс жасайды. Мұнда 189 комиссия мүшесі қызмет атқаруға дайын.

№15 сайлау округінде 30826 сайлаушы тіркелсе, №14 сайлау округінде 3533 сайлаушы, №1 сайлау округінде 3085 сайлаушы дауыс беруге құқылы.

Дауыс беру уақыты таңғы сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.

Бүгінгі күні барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтар үшін бюллетень толтырудың жолдары көрсетілген аудиоматериал да ұсынылады.

Учаскелерге 30 наурызға дейін 1 пайыз резервті қоса алғанда 39303 бюллетень жеткізіледі.
Сайлаушылар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер атты» сервис қолжетімді. Қызылорда қаласының және Арал, Жаңақорған ауданының тұрғындары saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай табады.

Жергілікті әкімдіктің қолдауымен енгізілген платформада тұрғындар өз учаскесін анықтағаннан кейін оған баратын жолдың сызбасын көре алады.

Айта кету керек, Қызылорда облысының мәслихат депутаттығына 3 кандидат, Арал аудандық мәслихаты депутаттығына 3 кандидат, Жаңақорған аудандық мәслихаты депутаттығына 4 кандидат тіркелген.

Сайлау процесін байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылай алады.
Облыс бойынша 13 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық ұйым аккредиттациядан өткізілді.

Сондай-ақ, 3 округ бойынша кандидаттардың сенім білдірген 144 адамы тіркеліп, куәліктері арқылы учаскелерге кіре алады.

Бүгінгі күні кандидаттар үгіт жұмыстарын жүргізуде. 30 наурыз – тыныштық күні. 31 наурыз – дауыс беру күні болып есептеледі.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<