«Қызылорда – Павлодар» трассасында жеңіл көлік аударылып қалды

341

0

Фото: ДЧС Костанайской области

23 наурыз «Қызылорда – Павлодар» автожолының 706 шақырымында «Рено Дастер» жеңіл автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасы орнында Қарағанды облысының Медициналық апаттар орталығының «Ақтөбек» ТМҚК шұғыл әрекет ету бригадасы 3 зардап шеккен азаматқа, оның ішінде 1 балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті.

«Зардап шеккендер Сәтпаев қаласының тұрғындары, ауруханаға барудан бас тартты. Жағдайлары қалыпты»,-делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<