Қызылордада есірткі саудалаушылар ұсталды

616

0

Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 27 қаңтар күні өз үйінде аса ірі көлемде есірткі затын сақтап, тасымалдап жүрген қала тұрғынын анықтады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәркіленген заттар 1 кг астам кептірілген марихуана екені сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұсталған күдіктінің үйін тінту кезінде 1,5 астам кептірілген марихуана табылды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР-ның ҚК-нің 296-бабымен іс қозғалып, күдікті екі азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<