Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 60 жастағы тұрғын уланып қалды

555

0

Қызылордада көп қабатты үйде болған өрттен уланған 60 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 28 маусымда жергілікті уақыт 14.44-те Қызылорда қаласындағы «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатында өрт шыққан. Қызыл жалынның 4-5-қабаттардағы өзге де пәтерлерге таралу қаупі туындады.

«Өрт сағат 15.16-те сөндірілді. Көппәтерлі үйден 26 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 14 бала. Улы газға уланып қалған 1961 жылғы тұрғын қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<