Қызылордада күнбағыс майы тиелген жүк көлігі жанып кетті

943

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданында Ресейден Қырғызстанға күнбағыс майын алып бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қазалы ауданы Майлыбас елді мекені тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолы бойында болды. Онда Ресейдің Қазан қаласынан Қырғызстан астанасы – Бішкекке жол тартқан «Volvo FH12» жүк көлігі толығымен жанып кетті.

«Көлікке 21,5 тонна күнбағыс тиелгені анықталды. Өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылордада Орталық зираттың 2 гектар аумағы өртеніп кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<