Қызылордада қандай салалар кезең-кезеңмен іске қосылады?

1088

0

Қызылорда облысы бойынша кезең-кезеңмен іске қосылатын салалардың және ұйымдардың

тізімі

Үшінші кезең (11 мамырдан бастап)

1. Көлемі 500 шаршы метрге дейін бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

2. Отырғызу орындардың санына сәйкес шектеулермен қалаішілік (кентішілік)қоғам­дық көліктер (сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін);

3. Қоғамдық моншалар (сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін), бір мезетте:

– көлемі 100 шаршы метрге дейін 5 адамнан артық емес;

– көлемі 100 шаршы метрден жоғары 20 адамнан артық емес.

4. Мәдениет нысандарының жұмысы (кө­рер­мендердің қатысуынсыз 30 жұмысшыдан аспауы тиіс);

5. Спорт нысандарының жұмысы (спорт­шы­лардың жаттығуы 30 адамнан аспауы тиіс);

6. Сағат жөндеу шеберханалары, химия­лық тазалау, фотосалондар, жарна­малық агенттіктер, сондай-ақ сұлулық салондар (барлық қызмет түрлері)(сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

7. Мал базарлары (аптасына бір күн, сағат 17:00-ден 22.00-ге дейін);

8. Құрылыс материалдары базарлары (сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін);

9. Жұмыспен қамту орталықтары (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін).

Төртінші кезең (18 мамырдан бастап)

1. Балабақшалардың кезекші топтары;

2. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 50 жұмыс­шыдан аспауы тиіс);

3. Спорт нысандарының жұмысы (спорт­шы­лардың жаттығуы 50 адамнан аспауы тиіс);

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

5. Ломбардтар (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

6. Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар және базарлар (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

7. Қоғамдық тамақтану объектілері (келушілер саны бір мезетте 30 адамнан аспауы тиіс,сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін);

8. Санитариялық талаптарға сәйкес жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері (сағат 10:00-ден сағат 20:00-ге дейін);

9. Қонақ үйлер;

10. Азық-түлік тауарларын сататын дүкендер (сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін);

11. Қалаішілік такси қызметі(сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін);

12. Туристік фирмалар, авиа және темір жол кассаларының жұмысы (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

13. Жеке құрылыс жұмыстарын жүргізу;

14. Жолаушылар вагондарын жөндейтін, техникалық қызмет көрсететін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірлік құрылымдық бөлімшелері мен мердігерлік ұйымдар;

15. Темір жол вокзалы шаруашылығы және меншік нысанына қарамастан облыс орталығынан шығатын темір жол жолаушы тасымалдаушы компаниялар;

16. Стандарттау және сертификаттау қызметі (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

17. Қаржылық қызметтер және сақтандыру саласындағы қосалқы қызметтер (коллекторлық компаниялар, мүлікті бағалау­шы және жылжымайтын мүлікке қызмет көрсететін ұйымдар, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

18. Ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып, санитариялық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары (сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін).

Бесінші кезең (25 мамырдан бастап)

1. Балалар түзету (коррекция) кабинеттері (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);

2. Санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып сауда ойын-сауық орталықтары (фуд-корттар, балалардың ойын алаңдары мен кинотеатрлардан басқа, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін);

3. Фитнес клубтар, тренажерлік залдар, бассейндер (келушілер саны бір мезетте 20 адамнан аспауы тиіс, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін);

4. Сауналар (сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін);

5. Қоғамдық тамақтану объектілері (келушілер саны бір мезетте 30 адамнан аспауы тиіс, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін);

6. Санитариялық талаптарға сәйкес жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері (сағат 10:00-ден сағат 22:00-ге дейін).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<