Қызылқайыңда сапалы ауызсу жүйесі іске қосылды

257

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге Ортақшыл ауылдық округіне қарасты Қызылқайың елді-мекеніндегі сапалы ауыз су жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты.

Ауыз су жүйесінің тұсау кесер рәсімінде Бахыт Дүйсенұлы Мемлекет басшысының және аймақ басшысының қолдауымен аудандар мен елді-мекендерді дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын, әсіресе бірінші кезекте халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіне аса қажетті елді мекендерді ауызсу, газ, электр желілері мен жолдарды жөндеуге үлкен мән берілуде екендігін айтты. Сондай-ақ, барша аудан тұрғындарын қасиетті Рамазан айының келуімен және Ұлттық мереке әз-Наурыздың келуімен құттықтады.

Ал, ауыл ақсақалдары ел азаматтарына алғысын айтып, ақ батасын берді.

Айта кетейік, Шиелі ауданында сапалы ауыз сумен 39 елді мекендегі
85 мыңнан аса тұрғынның 98 пайызы қамтамасыз етілген.
Осы тізімді биыл Қызылқайың, Қосүйеңкі елді мекендері толықтырып отыр. Қос ауылдағы ауыз су жүйесінің құрылысына бюджеттен 446,7 млн теңге қаржы бөлінген.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<