Сала үздіктері марапатталды

1253

0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне байланысты сала үздіктерін марапаттады.

  «Қазақстанның атом саласы экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды және табысты салаларының бірі. Өңірімізде 4 уран өндіретін компания және 1 күкірт-қышқыл шығаратын зауыт жұмыс жасауда. Оларда 2 500-ден аса адам қызмет атқарады. Аймақтың индустриясын дамытуда, уран өндіруде сіздердің үлестеріңіз зор. Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Кездесуде «Семизбай-U» ЖШС-нің инженер-механигі Абдиманап Утеев, «РУ-6» ЖШС-нің электромонтері Владимир Голощапов, «Байкен-U» ЖШС-нің слесарь-электригі Анарбай Мырзатай және «Хорасан-U» ЖШС-нің операторы Бахыт Арысбек «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Кездесу соңында сала ардагері Қайратбек Жолдыбаев аймақ басшысына көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Еске салайық, 2008 жылы 28 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі болып бекітілді.

Қазақстан уран өндіру көлемі бойынша әлемдік көшбасшы болса, өндірілген уранның барлық көлемінің 20% – дан астамы біздің өңірдің үлесінде.

Бұрын уран өндіруші компаниялар күкірт қышқылын шетелден сатып алатын болса, қазір «СКЗ-Ю» компаниясының зауыты жыл сайын 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіруде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<