Салықтар мен төлемдерді электронды төлеу

319

0

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық  Кәсіпкерлер палатасының алаңында кеңейтілген семинар өткізді. Басқосуда бірқатар заңнамалық талаптар түсіндірілді.   

 Биылғы жылдың 1 шілдесінен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» енгізілген (Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы №156-VІ Заңы). Осы заң аясында Салық кодексіне қатысты жекелеген жаңалықтарға шолу жасалды.  

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 1 тамызынан «Электронды үкімет» порталы арқылы мүмкін болған салықтарды және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді авторизация жасамай-ақ және электронды сандық қолтаңбасыз төлеу туралы  жаңа қызмет түрі түсіндірілді.

Бұған дейін «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік салығын төлеу ғана қол жетімді болған. Бұдан былай порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар, олар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; заңды тұлғаның және дара кәсіпкердің мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; заңды тұлғаның көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

«Электронды үкімет»  порталында салық төлеу төмендегі нұсқаумен жүзеге асырылады:

«E-gov.kz» порталында «Салықтар және қаржылар» – «Салық салу» – «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырмаcын басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады.

Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Б.Орданова,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы          

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<