Бүкіл әлемдегі сияқты бұл күндері Қазақстан экономикасы дүниежүзі шарлаған індет салдарынан күрделі кезеңді басынан өткізуде. Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан Президенті мен жергілікті атқарушы органдар тиісті шаралар қабылдауда. Бұл күрделі жағдайдың біздің саланы да айналып өтпегенін атап өткім келеді.
Атқарушы биліктің нұсқауларына сәйкес
Бүкіл ґлемдегі сияқты бұл күндері Қазақстан экономикасы дүниежүзі шарлаған індет салдарынан күрделі кезеңді басынан өткізуде. Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан Президенті мен жергілікті атқарушы органдар тиісті шаралар қабылдауда. Бұл күрделі жағдайдың біздің саланы да айналып өтпегенін атап өткім келеді.
Атқарушы биліктің нұсқауларына сәйкес автовокзалдар мен автостанцияларда коронавирус індетіне қарсы шаралар күшейтілді. Барлық бағыттағы жолаушылар көлігінде дәрігерлік, залалсыздандыру жұмыстары кең өріс алды.
Облыстың сала қызметкерлері биылғы мерекені осындай күрделі жағдайда қарсы алғалы отыр. Алайда, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындары қиын кезеңде жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста 99 млн жолаушы тасымалданған. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір төмен. Себебі, тасымалдың жоспарлы көлемде орындалуына экономикалық дағдарыс теріс ықпалын тигізді. Бұл орайда жолаушылар айналымы көрсеткіші де жоспарланған көлемнен төмен болып отыр. Осы орайда мен қала тұрғындарын толғандырып жүрген мәселеге тоқталғым келеді. Ол қазіргі таңда қала автобус маршруттарының жүру бағыттары жүйелі еместігінен туындап отыр. Жыл өткен сайын Қызылорда қаласының ауқымы ұлғая түсуде. Жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Соңғы бірнеше жылдың ішінде Қызылорда қаласында 13 жаңа шағын аудан салынды. Халық саны бірнеше мыңға өсті. Бұл жағдай, әрине, халықтың жолаушылар тасымалдау мекемелері шығындарын өзін-өзі ақтай алмауына байланысты қызығушылығы төмендеуде. Бұл – шешілуге тиіс үлкен мәселе. Аталған кезеңде тұрғындардың талабын қанағаттандыру мақсатында «Қызылорда автобус паркі» МКМ біршама жұмысты қолға ала бастады. Біріншіден, үстіміздегі жылға үлкен сыйымдылықтағы 13 автобус сатып алуға 487 млн теңге қаржы бөлініп, ол республика Қаржы министрлігі өткізген мемлекеттік сатып алу конкурсының негізінде жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасалғанын атап өтсем деймін. Егер, алдағы уақытта экономикадағы күрделі жағдай біршама бәсеңсісе жоспарлаған меже орындалатын болады. Екіншіден, «Қызылорда автобус паркі» МКМ Қызылорда қаласы әкімінің қолдауымен «Алматы көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институтымен» келісімге келіп, қала автобус маршруттарына зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл дегеніңіз экономикалық жағынан тиімді және оң серпіліс болады. Жолаушы тасымалдаушылардың қызығушылық ынталығы артады. Инвесторлар арасында бәсекелестік ұлғайып, жолаушы тасымалдау сапасы артады. Сондай-ақ, қала орталығындағы ескі автобустар ығыстырылып, жаңа автобустармен толығады деген үміт бар. Үшіншіден, жаңалықтың жаршысы ретінде «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйе орнату жобасы жүзеге асырылатын болады. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік деңгейінде жүзеге асырылмақшы. Қазіргі таңда автобустарға терминалдар мен волидаторлар орнатылуда. Алдағы уақытта тұрғындарға көлік карталарын сату бойынша жұмыстар жүргізілмек.
Бүгінгі мерекенің автомобиль жолдары саласының қызметкерлеріне де тән болғандықтан, оларға біршама жылы лебізімді білдіргенді жөн көрдім. Облыста 2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытуға 19,6 млрд теңге жоспарланған еді. Аталған қаржыға 500 шақырымға жуық автомобиль жолдары мен көшелерді және көпір өткелдерін жөндеу межеленген. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 5,4 млрд теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 600 млрд теңгеден астам қаржыны, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңге игеру көзделген. Қазір «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша көшелер мен көпірлерді жөндеу жұмыстары ерекше қарқын алды. Сонымен бірге жергілікті бюджеттен аталған бағытқа 2,1 млрд теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне жоспарланған 6 млрд теңгеден астам қаржы толық игерілді.
Сала бойынша басқарма арқылы аудандарда 21 жобаның сәтті жүзеге асып жатқанын атап өткім келеді. Қорыта айтқанда, облыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласының қызметкерлері күрделі кезеңге қарамастан, өз міндеттерін асқан жауапкершілікпен атқара отырып, Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыруда жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін. Оған бүгінгі жұмыс нәтижелері мен еңбек қарқыны дәлел бола алады.
Жәнібек НҰРҚЫШҰЛЫ,
облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР Құрметті автокөлікшісі
дар мен автостанцияларда коронавирус індетіне қарсы шаралар күшейтілді. Барлық бағыттағы жолаушылар көлігінде дәрігерлік, залалсыздандыру жұмыстары кең өріс алды.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<