Шиеліде жеңіл өнеркәсіп өркендемек

277

0

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыстық жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Дина Махатова Шиелі ауданында болды. Шиелі аудандық «Атамекен» палатасы филиал директоры М.Нұртазаев, аудандық кәсіпкерлер кеңесі мүшесі М.Әлжанов, «Тоғжан» тігін цехы басшысы Т. Мұсаева және ұлттық бұйымдар шебері М. Қалжановалармен бірге жеңіл өнеркәсіп саласымен танысты. «Тоғжан» және «Гаухар» тігін цехтары жұмысымен және қол өнер шебері Майяның ұлттық бұйымдарын көрді. Мұнан соң, тігінші мамандарын дайындайтын арнайы оқу бөлімі бар Шиелі аграрлы-техникалық колледжінде жастармен жүздесті. Колледжде қонақтар тапсырыспен арнайы жұмыс киімдерін тігуге дейін дағдыланған. Әр түрлі көрме, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған болашақ алтын қолды тігіншілер. Ал техникалық бағытта білім алушы студенттердің өздері тәжірибеден өтіп жатқан құрылғы жұмыстарын қазақша, орысша, ағылшынша – үш тілде түсіндірді. — Студенттердің ағылшынша сөйлегенін көріп менде оларға ақ тілегімді ағылшын тілінде арнадым. Сапар соңы қауымдастық мүшелерімен еркін пікір алмасуға ұласты. Болашаққа жоспарлар қойылып, мақсаттар айқындалды.Қауымдастық аясында бірге қызмет істеуге шақырды.Кездесуге қатысқан кәсіп иелері бұл идеяны қолдайтындарын айтты, — дейді облыстық «Атамекен» Палатасы Өңірлік кеңес мүшесі Айткүл Әбдіқадырова.