Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

212

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы және М.Шәменов, Жаңадария ауылдық округтері бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары туралы мәселелер тыңдалды.

«Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың жолын кесу әрқайсыларыңыздың күнделікті жұмыстағы тікелей міндеттеріңіз және азаматтық борыштарыңыз.

Бұл мәселе облыс әкімінің де тікелей бақылауында тұрғанын назарларыңызға жеткіземін. Сондықтан, бағынысты мекемеде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау бағытындағы жұмыстарды қатаң бақылауға алуды тапсырамын»,- деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Сонымен қатар, күн тәртібінде қаралған мәселеге байланысты сала байынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына тиісті тапсырмалар жүктеліп, Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көзделген шаралардың уақтылы әрі сапалы орындалуына аса мән беру қажеттігі ескертілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<