Тазалық – баршаға ортақ

333

0

Сурет: Қазалы ауданы әкімдігі

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде, шет аймақтарында және ауылдық жерлерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Нақтыласақ, Жанқожа баба кесенесінің аумағы, Достық, Ғ.Мұратбаев, Р.Бағланова, Михайлюк көшелері және кенттің сырт жағындағы «Водокачка елді мекеніне барар жол», «Қазақ қорымы» аумағында қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің жол шетіндегі бей-берекетсіз шашылған қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 31,6 тонна қоқыстар және 26,9 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.

Сенбілікке аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы шығып, аудан тазалығы баршамызға ортақ міндет екенін еске салды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<