Тоқмағамбетов ауылындағы жанжал: қылмыстық іс қозғалды

1287

0

Ағымдағы жылдың 11 қазанында Сырдария ауданының Тоқмағамбетов ауылындағы күріш егістігінде «Тоқмағамбетов жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі егістікті күзетуші «Azamat Security Group» күзет агенттігінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының арасында жанжал туындаған.

Келіспеушілік кезінде егістік күзетшілеріне белгісіз азаматтар күш қолдану барысында күзетшінің қызметтік травматикалық қарумен («МР-47») аспанға бағыттап бір мәрте ескерту оғын атқан. Күзетшілер тарапынан автокөлік басқарып адам қағу деректері орын алған. Дерек бойынша Сырдария АПБ Қылмыстық кодекстің 252-бабымен күзет қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша  қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға орнында құзырлы органдар өкілдері – облыстық және аудандық прокуратура, полиция департаментінің басшылығы жиналған тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірме жұмысын жүргізді.

Жанжал нәтижесінде белгісіз ауыл тұрғындарының азаматша, «А.Тоқмағанбетов» ЖШС-нің заңгерін ұрып, денесіне жарақат салу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қоғамдық тәртіпті сақтамай бұзақылық қылмысын жасау» қылмыстық іс тергелуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындылары күтілуде.

Тергеу барысы облыстық прокуратура және полиция департаменті бастығының бақылауында.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер немесе кәсіпкерлікке кедергі келтіру деректері тіркелмеген. Олар заң шеңберінде міндеттерін атқарды.

Қазіргі таңда шаруа қожалығы мен жергілікті халық келісімге келді. Оқиға басында ахуал тұрақты.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<