Тұрғындар ұсынысы қараусыз қалмайды

565

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қабылдады.

Аймақ басшысы кезек ретімен түрлі сауалдары бар 14 азаматтың мәселесін жеке-жеке қарады. Тұрғындар облыс әкіміне әлеуметтік жағдайлары бойынша, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері және өзге де салаларға қатысты сауалдарын жеткізді.

Облыс әкімі қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін тыңдап, әрбірін саралай келе сала басшыларына тапсырма беріп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды жүктеді.

Еске салайық, өткен жылы облыс әкімі 135 тұрғынды қабылдады. Оның ішінде тұрғындардан келген өтініш-шағымдардың басым бөлігі баспана алу, медициналық көмекке жүгіну, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерін қамтиды.

Айта кету керек, облыс әкімінің азаматтарды жеке онлайн қабылдау бірнеше тәртіпте қаралады. Тұрғындардың арыз-шағымы:

1. egov арқылы

2. е-otinish бірыңғай базасы

3. suraqtar.kz порталы арқылы қабылданады. Өтініш иесі кезектілікке қойылады және реттілігі бойынша онлайн форматта шақырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<