Үлгілі бастамалар жүзеге асырылмақ

347

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Іс сапар барысында «НОМАД СОЛАР» ЖШС жұмысымен және Таң ауылында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ, Таң ауылдық округінде орналасқан «Дихан Ата» күріш ақтау зауытының жұмыс барысымен танысқан халық қалаулысы алақандай ауылдың берекесін арттырып отырған бұндай жұмыс орындарының қазіргі қоғамда маңызға ие екенін жеткізді.

Сонымен қатар ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Әбенов ауыл тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында көтерілген ауылдық окрутердегі электр желілерін жаңарту және «Ауыл аманаты» жобасына сәйкес жергілікті жерге үйренген төл алу туралы заңдылықтарға ұсыныс енгізу тұрғысынан мәселелер көтерілді.

«Қазақстанның Еңбек Ері», Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденінің иегері Имамзада Шағыртаев ауылдық округте үстіміздегі жылы ауқымды жобалар жүзеге асырылатынын баяндады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<