Үш маңызды бағыт

410

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыстық дін басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады.

− Аймақ тұрғындарының арасында дінді қабылдау және терроризм мен экстремизмнің қаупін анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі облыста діни ахуал тұрақты екенін көрсетті. Басқарма 3 маңызды бағытта жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жалпы профилактика, оңалту жұмыстары,  интернеттегі қарсы насихаттық шаралар, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг қорытындысымен дінтану сараптамасына жолданған күмәнді сілтеменің 40 пайызына теріс қорытынды берілді. Ал «киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізілген сілтемелердің 17 пайызы бұғатталған.

−  Дін саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 2020 жылдан бері облыс әкімінің білім грантымен  қызылордалық 12 студент білім алуда. Биыл «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан 5 студентіміз  бітіреді. Олар елге келіп, теологиялық бағытта жұмыс жасайды деген жоспарымыз бар, − деді Д.Ермеков.

Биыл басқарма АТТ құрамын саралап, кездесулердің сапасын арттыру үшін қатысушылар арасында QR-код арқылы анонимді сауалнама алуды бастады. Сондай-ақ басқармаға қарасты орталық жанынан облыс әкімінің арнайы қолдауымен студия ашылды. Студия іске қосылған уақыттан бері ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, қоғамда көтерілген өзекті мәселелер мен түрлі тақырыптар аясында подкасттар, бейнероликтер, сұхбаттар мен жаңа тренд форматтағы түсірілімдер жасау көзделіп отыр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<