«Үздік Аула» байқауына қатысыңыз!

852

0

Қала күні қарсаңында көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында «Үздік Аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау төртінші мәрте өткізілуде.Байқау шарты бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласына жасыл желекті өз еңбегімен еккен кез келген тұрғын қатыса алады.

Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #qorda#Үздікаула2021 хэштегтерін пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, өз парақшасында суреттерді жариялау қажет.

Байқауға материалдар 16 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында қабылданады. Жеңімпазды әлеуметтік желінің пайдаланушылары лүпіл басу арқылы анықтайды. Жеңімпазды сыйлықтар күтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<