Үздік нәтиже көрсетті

879

0

Жаңақорған ауданында «Балалар жылына» орай үстел теннисінен 10-14 жастағы ұл-қыздар арасындағы ашық біріншілік ұйымдастырылды.

Тартысты додада үздік нәтиже көрсеткен Қызылорда облысының № 4 олимпиадалық резерві мамандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің құрама командасы І-ші орын алды. ІІ-ші орынға Жаңақорған ауданының құрама командасы орналасса, ІІІ-ші орын  Төменарық ауылдық округінің командасына бұйырды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы құрама командасының бапкері Ернар Ибрай «Үздік жаттықтырушы» номинациясымен марапатталды.

Мұнан бөлек, кейбір жеке ойыншылар «Ең жас ойыншы», «Үздік ойыншы» номинациясында марапатталды.

Жарыс қорытындысымен жүлделі орындарға ие болған 7 үздік ойыншы Алматы қаласында өтетін турнирге жолдама алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<