Вице-министр Шиелі ауданына барды

491

0

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярдың тапсырмасымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин сапалы аумақтық жоспарлауды, коммуналдық және тұрғын үй инфрақұрылымын тиімді дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ұсынымдар беру, тәжірибе алмасу үшін Қызылорда облысына іссапармен келді.

Кеше вице-министр облыс әкімі  Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Шиелі ауданына барып, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша республикада көшбасшылар қатарына орныққан Сыр өңіріндегі жаңадан салынған нысандарды көрді, аймақтың озық тәжірибесі мен жоғары жұмыс қарқынын атап өтті.

Алдымен Тимур Жиенбайұлы Шиелі ауданы Байсын ауылындағы 250 орындық мектеп жұмысымен танысты. Биыл облыста 5 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, 4 мектепке 1850 орындық қосымша ғимарат салынды. Жуырда пайдалануға берілген Байсын ауылының мектебі солардың қатарында.

Әрі қарай вице-министр аудан орталығынан салынған екі пәтерлік 25 үйді көрді.

Аймақта, оның ішінде Шиелі ауданында пайдалануға берілген үй көлемі жыл сайын артуда. Тамыз айында «Көкшоқы» шағын ауданындағы 3 қабатты 18 пәтерлі 4 тұрғын үйден 70-тен аса отбасы жаңа баспана алды. Облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарланған. Оның 400-і аудандарға тиесілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<