Жаңақорғандықтар ынтымақ күнін атап өтті

270

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – «Ынтамақ күні» болып жарияланды.
Қазақ халқы ежелден береке-бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен дана халық. Сондықтан, бұл күн халқымыз үшін айрықша мәнге ие болмақ.

Атаулы күні Жаңақорған ауданында ерекше дайындықпен, керемет көңіл-күйде «Наурыз – көктем шуағы!» атты мәдени-көпшілік шара өтті.

Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Жаханов Бақыт Дүйсенұлы арнайы қатысып, жиналған көпшілік қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Құттықтау хатын табыс етті.

Театрландырылған қойылымдармен басталған мерекелік шара аясында қазақи әдет-ғұрыптар дәріптеліп, «Тұсау кесер», «Сырға салу» секілді тағы да басқа ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, этнокөрме, қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Алтыбақан орнатылып, киіз үйлер тігілді.

Тұрғындар арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды, халыққа наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауданымыздың өнер майталмандары, би ұжымдары ән-жырдан, биден шашу шашты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<