Жас мамандарға арналған демо-сабақтар байқауы өтті

658

0

Сурет Өрлеу Қызылорда

«Өрлеу» Қызылорда филиалында алғаш рет жас мамандарға арналған «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында демо-сабақтар байқауы өткізілді. Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамытуға бағытталған курстар аясында ұйымдастырылған байқауға физика, химия, биология, математика және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Байқау жас мамандардың шығармашылық әлеуетін көтеру және педагогикалық ізденістері мен жаңашылдық көзқарастарын арттыру, тыңдаушылардың маман ретінде кәсіби, тұлғалық мүмкіндіктері мен дағдыларын шыңдауға бағытталған. Сайысқа қатысушылар курс бағдарламасындағы әр пән бойынша қарастырылған күрделі тақырыптарға арналған демо-сабақтың үзіндісін көрсетті.

Байқау сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің оқу мақсатына қол жеткізудегі ықпалы; білім алушылардың жетістіктерін қолдауға арналған қалыптастырушы бағалау; саралау әдістерін жоспарлай алу; әртүрлі ресурстарды пайдалану сияқты критерийлерге негізделген.

Байқау нәтижесі бойынша үздік демо-сабақ қорғаған жас мамандар филиал директорының Құрмет грамотасымен марапатталды, қалған қатысушыларға Алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар табыс етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<