Жас шахматшылар сайысы

1231

0

Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығында шахматтан бес жас ерекшелігі бойынша ұлдар мен қыздар арасында республикалық фестиваль өткізілді. Оған қоса жас ерекшелігіне қарамастан тағы бір сайыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде аталған фестивальде 5 және 70 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынады.

Олардың арасында алты жасқа дейінгілер қатарынан Аралдан келген Жансұлтан Әбсадық пен Айзере Мейірханқызы жеңімпаз атанды. Ал 12 жасқа дейінгілер арасында тағы бір аралдық Кәусар Әли жеңіс тұғырынан көрінді.

Турнирге «KazPetrol Group» ЖШС демеушілік көрсетті. Жарыс биылғы  «Балалар жылы» аясында өтіп отыр. Турнир барысында 250-ден астам қатысушы бақ сынады.

Фестивальдің жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Аталған іс-шараға шахматтан 18 жасқа дейінгі Әлем чемпионатында блиц түрінен жеңімпаз атанған Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қатысты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<