Жастар керуені

483

0

Ауданға қарасты ауылдық округтерге ат басын бұрып жүрген “Жастар керуені” жобасының келесі аялдамасы Бозкөл ауылы болды.

Ауыл жастарын әр қырынан шыңдап, бос уақытын тиімді пайдалануды көздейтін жоба аясында мұнда Астана қаласының құрылғанына 25 жыл және Қазалы ауданының 95 жылдығы аясында суретшілер сайысы өтті. Жарысқа әр елді мекеннен келген жастар Елорданың әсем ғимараттарын қағаз бетіне түсірсе, қазылар алқасы қатысушылардың өнеріне тиісті бағаларын берді.

Шара одан әрі бірнеше құрамалардың қатысуымен волейбол жарысына ұласты. Жастар спорттың бұл түріне қызығушылар Бозкөл ауылында да бар екенін дәлелдеп, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті.

Шара кешкілік гала концертке ұласып, ауыл және аудан өнерпаздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тұрғындарды Астана қаласының 25 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдығымен құттықтаған аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп, жоба аясында ұйымдастырылған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттады. Мұнан соң жастармен бейресми кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<