Жол деңгейі жақсара түсуде

347

0

Биыл ұзындығы 569 км құрайтын автомобиль жолдары жөндеуден өтеді. Жыл соңына дейін жергілікті автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 87,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл жөнінде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов хабарлады.

– Жергілікті маңыздағы жолдардың ұзындығы – 3418,5 км. Биыл автомобиль жолдарының жалпы көрсеткішін 87,5 пайызға жеткізуді жоспарлаудамыз, – деді басқарма басшысы Жәнібек Сыздықов.

Брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ» ҰҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар республикалық маңыздағы жолдың құрылысына тоқталып өтті.

–Бүгінде «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүруде. Тас жолдың 216 шақырымы біздің облыстың аумағына тиесілі. Тиісінше, осы жолдың 104 шақырымы толық аяқталып қалды. Автомобиль жолы 6 лотқа бөлінген. Республикалық маңыздағы жол толығымен жарықтандырырылады, 2 дана жол айрығы, жол өткелдері, 3 көпір, 2 дана көпфункцияналды аралық бақылау аркалары, дәретханалар мен демалыс алаңдары қамтылады, – деді Ерсайын Болатұлы.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты салынуда. Жаңа нысан осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады.
Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтуде.

Болат Өтемұратов жеке қорымен «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынуда.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<