Жол құрылысы қарқынды

372

0

Қазіргі күні аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Ә.Жангелдин көшесін асфальттау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жол құрылысын көруге арнайы барып, мердігер мекеме – “Нұрас И К” ЖШС мамандарымен кездесті. Ең әуелі сапасына басымдық бере отырып, тез арада аяқтауды тапсырған аудан басшысы жол құрылысы тікелей өзінің қадағалауында болатынын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа барлығы назардан тыс қалмауын тапсырды.

Жүріп жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірген көше тұрғыны Салмырза Қалдыбеков: – Өзім 40 жыл құрылыс саласында жұмыс жасаған ардагермін. Бүгінгі күні ел-халыққа жасалып жатқан жағдайларға разымын. Газ, жол, жарық барлығы ел игілігі үшін жасалуда. Сондықтан осы күнге шүкіршілік етуіміз қажет. Мемлекет басшысының елге, ауданға, ауылдарға қолдауы ерекше. Оның бергі жағында тұрғындардың тілегін ескерусіз қалдырмай жатқан аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың да еңбегін айтпай кетуге болмайды. Барлығына ризамын, – деген Салмырза ақсақал өзінің ақ батасын берді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<