Жолдау жүктеген міндет айқын

1004

0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен қалалық идеологиялық актив отырысы өтті. Актив отырысына облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, қаланың дербес бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары мен аймағымыздың зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Идеологиялық активке қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен тарқатып, Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру бағытын саралады.


Активте қала әкімі «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауында қоғамдағы тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін біздің алдымызға нақты 11 міндеттерді айқындап берді. Он бір тараудан тұратын осы міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі бағдарламалық құжат» – деп, баса айтып, Ел Президентінің Ұлттық сипаттағы Жолдауының басым бағыттарын айқындап, ел дамуындағы ықпалымен маңыздылығын атап өтті. Мұнан бөлек шаһар басшысы қаланың қарқынды дамуы туралы баяндама жасап, жыл басынан жүзеге асырылған ауқымды жобалар мен алдағы жоспарларға да қысқаша тоқталды.


Сонымен қатар басқосуда облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары П.Сыздықов, С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейінің директоры Л.Әбенова, Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» ЖШС директоры, Б.Дүйсенбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры У.Ибраев сөз алып, Жолдаудың әр саланы дамытуға жасайтын ықпалын атап өтіп, ауқымды істерді бірлесе атқаруға үндеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<