Жоқ!-деп айтуды үйрен

1112

0

            Қымбатты достар, замандастар!

         Дені сау ұрпақ − ұлт болашағы. Халқымыздың құндылығы мен өнегелі өмірін ертеңге жеткізетін біз. Сондықтан да мен баршаңызды салауатты өмір салтын сақтауға шақырамын. Зиянды әрекеттерден аулақ болайық. Есірткі денсаулықтың ғана емес, сана-сезім, ой-өрістің де хас жауы. Мұндай қатерлі әрекет өскелең ұрпақтың ағзасын улап, арманын күретеді. Қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілікті сейілтеді. Зиянды әрекеттер қылмыстық оқиғаларға алып барады. Есірткіге арбалған жан ұрлық жасаудан тайсалмай, жақынына қол көтеруі де ықтимал.

         Бүгінгі біздің мақсатымыз сабақты жақсы оқу. Тәртіп пен әдепті сақтап, мектеп өміріне белсенді қатысу. Осы мақсатымызға жету үшін ата-анамыз барлық жағдай жасап отыр. Ұстаздардың да қолдауы бар. Тек мақсатқа ұмтылып, армандайық! Жетістікке жетсек жақындарымыз қуанады. Ал қателікке бой алдырсақ мұңаяды. мен ата-анамның мені қатты уаымдағанын қаламаймын. Сондықтан қателік жібермеуге тырысамын. Менің арманым − жақсы адам болу. Қай мамандықты таңдасам да, ешкімге зиянын тигізбейтін жақсы адам болғым келеді. Айналамдағы жандарға көмектесіп, күн сайын жаңа нәрсені үйренуді қалаймыз. Қазір бізге бұл жолде еш кедергі жоқ. Алайда

Ғаламторда заңсыз есірткі сатушылар өте көп. Әсіресе әлеуметтік желіде сақ болу қажет. Кімде-кім саған есірткіге ұқсас затты ұсынып дәмін татып көруді сұраса, бас тарт! Ондай сәтте жоқ! − деп айтуды үйрен.  Мен нашақорлықсыз өмірді таңдаймын. Есірткі мен уытқұмарлыққа қарсымын. Сендерді де нашақорлыққа қарсы болуға шақырамын!

Достар, есірткісіз өмір сүрейік! Спортпен шұғылданып, жетістікке бірге жетейік!

#ЕсірткігеҚарсыБайқау

Жасмин КӘРІБОЗҚЫЗЫ,

№185 орта мектептің 8-сынып оқушысы

Т.Көмекбаев ауылы,

Қармақшы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<