Зияты зақымдалған балаларды диагностикалау бойынша студенттерге тренинг өтті

819

0

Фото: Болашақ университеті

Қызылорда «Болашақ» университетіндеәлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дефектология» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы С.А.Ибраев «Зияты зақымдалған балаларды диагностикалау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингте білім алушыларға балалардың даму бұзылыстарының психодиагностикасының теориялық негіздері таныстырылып, ерекше білімді қажет ететін балаларды зерттеудің түрлі тәсілдері мен жолдары талданды. Семинар-тренинг барысында білім алушылар педагогикалық, психологиялық және медициналық кеңес беру мамандарының балаға кешенді түрде диагностика жүргізу ережесі және құжаттары таныстырылды. Тренингте ерекше білімді қажет ететін балаларға жүргізілетін Кооса кубиктері, Равен матрицасы, Шульте кестесі сынды психологиялық-педагогикалық тексеру әдістері қолданылды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және

дефектологиялық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<