Халықаралық конференция өтті

111

0

Елімізде жоғары және арнаулы кәсіптік колледждерінде мыңдаған шәкірт білім алып, түрлі салада еңбек етуде. Соның бірі – Сыр өңіріндегі «Orda» жоғары колледжі.

Өткен аптада оқу ордасының ұйымдастыруымен «Халықаралық тәжірибе колледж кеңістігінде» тақырыбында конференция өтті. Оған білім саласының мамандары мен студенттер қатысты.

Конференция барысында халықаралық білім стандартының даму жолдары талқыланып, алдағы атқарылар жоспарлар талқыланды.

Мұнда замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген түрлі кабинеттар қамтылған. Әр педагог жыл сайын өз пәніне байланысты түрлі деңгейде  семинар-тренингтерге қатысып, тәжірибесін жетілдіріп отырады.

– Бүгінде оқу ордасында IT саласының білім бағдар¬ла¬масы бойынша 400-ден астам студент, логистика саласы бойынша 300-ге жуық студент білім алуда. Колледж түлектері кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде еңбек нарығына өз үлестерін қосып жүр. Білікті ұстаздардан құралған колледж студенттері әлемде қалыптасқан озық технологиялар арқылы білімдерін шыңдап, тәжірибелерін жетілдіріп келеді. Бұл жастардың ой өрісін дамытып, білікті маман ретінде кез келген маңызды міндетті шешулеріне мүмкіндік бермек, – дейді колледж директоры Гүлжамила Досжанова.

Қазіргі таңда «Orda» жоғары колледжі білім беру жүйелерін қамту арқылы үздіксіз білім беру тұжырымдамасын белсенді жүзеге асырып келеді.

Колледждің стратегиялық бағыттарының бірі – халықаралық ынтым-ақтастықты дамыту. Бүгінде Германия және Швейцария мемлекеттерінің IT және логистика мамандарын даярлайтын жетекші кәсіпорындармен, студенттермен, оқытушылар және зерттеушілермен өзара алмасу, екіжақты ғылыми-зерттеу жобаларына қолдау көрсету іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Жиын барысында «SES Senior Experten Service» әлемдік сараптама қызметін ұйымдастыру мекемесімен меморандум жасалды. Меморандум аясында «SES Senior Experten Service» әлемдік сараптама қызметін ұйымдастыру мекемесінің өкілдері Мадина Төлепова, Жанат Сапаржанова жылы лебіздерін білдіріп, екі жақты қарым-қатынас жүйелі жалғасын таба беретінін жеткізді.

Тағы бір атап өтерлігі бүгінде Швейцариядан келген эксперт-маман Вольтер Шмуц, Германиядан келген эксперт-маман Манфред Циглер арнайы шақыртылып, қазіргі уақытта оқытушыларға дәріс беруде.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат өкілдері өз сауалдарын жолдап, оған мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Конференция қорытындысында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушы қонақтар көлік логистикасы және IT саласының өзге мемлекеттермен айырмашылығы жөнінде пікір алмасты. 

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<