Картоп – 177 теңге: Картоп арзан бағада сатылды

247

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қаламызда апта сайын азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Бүгінгі кезекті жәрмеңке Тасбөгет кентінің орталық алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңкеге келген халықтың қарасы қалың болған. Тұрғындар мүмкіндіктен қалыс қалмай, күнделікті тұрмысқа қажет өнімдерді тиімді бағада алғандары үшін ризашылығын білдірді.

Жәрмеңкеде жалпы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауар төмен бағада ұсынылды. Атап айтқанда, картоп – 177 теңгеден, сәбіз – 132 теңгеден, қырыққабат – 126 теңгеден, пияз – 115 теңгеден, күріш – 380 теңгеден сатылды. Бұдан бөлек, аз тұзы – 48 теңгеге қолжетімді болса, І сұрыпты бидай ұны – 140 теңге, күнбағыс майы – 590 теңгеден саудаланды.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорының тауарлары «Сыбаға» базарына да шығарылуда, ал көшпелі жәрмеңкелер апта сайын өткізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<