Көркем гимнастикадан республикалық ашық чемпионат басталды

168

0

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Бүгін Қызылорда қаласында көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты республикалық ашық чемпионат басталды. Он бірінші мәрте жалауын желбіреткен жарысқа еліміздің 7 өңірінен 250-ге жуық спортшы өзара бақ сынауда.

Жарыстың ашылу салтанатына Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов арнайы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Көркем гимнастикадан республикалық ашық чемпионат басталды

«Көркем гимнастика – өзгеше бағыттағы ең сұлу спорт түріне жатады. Сондықтан да өңірімізде дәл осы спорт түріне қызығушылар саны ерекше артып келеді. Бүгінде облыстағы жас гимнастшы қыздар халықаралық, республикалық, облысаралық жарыстарда үнемі топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Бүгінгі республикалық «Сыр жұлдыздары» сайысынада да еліміздің түкпір-түкпірінен келген көркем гимнастшы қыздар жоғары деңгейде өз өнерлерін көрсетеді деп сенемін. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып, шын мықтылар жеңіске жетсін деп тілеймін», – деді Жігер Оңдасынұлы.

Биыл аталмыш жарысқа Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облысы және Шымкент, Тараз қаласының спортшылары арнайы келді. Жарыс жеңімпаздары 16 ақпан күні белгілі болады.

Көркем гимнастикадан республикалық ашық чемпионат басталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<