Малдың саулығы – басты мәселе

194

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірімізде сапалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арқылы облысымызға аусыл ауруынан таза аймақ мәртебесі берілді.

Бұл өңіріміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мол септігін тигізеді.

«Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 14 түрлі жұқпалы ауруға республикалық бюджет есебінен 7468,5 мың доза ветеринариялық препарат қаралған. Облысқа бөлінген 7279,2 мың доза (97,5%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды. Тиісті жұмыстар 10 айлық жоспарға сәйкес 6303,6 мың доза алдын ала егіліп, толық орындалды», – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<