Мысырда акула әйелдің иығын тістеп алған (ВИДЕО)

233

0

Сурет ашық дереккөзден

Мысырда қонақүй жағажайында шомылып жүрген әйелге акула шабуылдап, иығын тістеп алған. Әйел көп қан жоғалтқан, бірақ жұрт оны судан шығара алды. Ол ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz iz.ru басылымына сілтеме жасап.

Құтқарушылар акуланы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, бірақ әзірге нәтиже шықпады. Шарм-эль-Шейх қаласынан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан жағажай уақытша жабылды.

Айта кетейік, акула Мысырда соңғы үш айда осымен екінші рет адамға шабуылдап отыр. Маусым айында Ресей тұрғыны акуланың құрығына түсіп, оны ешкім құтқара алмаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<