Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды

320

0

Фото: Астана әкімдігі

Жамбыл облысы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

— Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, — делінген полиция департаменті хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылғаны хабарланды.

Сонымен қатар, Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылғаны анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<