Басты назарды аудандар мен ауылдарға бұру керек

353

0

Сурет ашық дереккөзден

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын республикалық арнадан мұқият тыңдадым. Президент бұл жолы да жылдағы дәстүр бойынша Парламент сессиясының ашылуында жария етті.

Биылғы Жолдауда жаңалық көп, жақсы сөз көп. Мұның бәрі болашақтың бастауы. Бастысы, ел-жұрттың көңілінде жүрген көптеген мәселелер қозғалды. Президенттің бұл Жолдауда аса өзекті әлеуметтік салаларға көңіл бөлінгені қуантады.  

Мәселен «Отбасы банк» туралы: «Біз Отбасы банктің» қызметін қайта қарауымыз керек. Облыс орталықтары емес, басты назарды аудандарға, моно-қалалар мен ауылдарға аударған жөн», деп баспана мәселесінің маңыздылығына мән берді.  Расында, баспанасыз жүрген жастар облыс орталығы мен ірі қалалардан тыс жерлерде де көп.

Сондай-ақ, төменгі жалақының көлемі өсетіні айтылды. Мәселен, өткен жылы төменгі жалақы 60 мың теңге болса, енді 85 мың теңгеге көтерілмек. Осы арқылы азаматтардың әл-ауқаты біршама түзелмек.

«Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек», деді Президент.

Бұны да Жолдаудың елеулі тұсы дер едім

Жасақбай СЕЙІТЖАППАРОВ,

Қызылорда қаласының тұрғыны.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<