Жол сапасы басты назарда болуы қажет

288

0

Сурет Қазалы ауданы әкімдігі

Биыл Қазалы қаласындағы 15 көшенің қайта жаңғырту жұмыстарына қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала ішіндегі 12 көшеге қара шебін, 7 көшеге асфальт қабаты төселді.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласындағы І.Жансүгіров пен Қазалы көшелеріндегі асфальт төсеу жұмыстарын көрді. Жол жөндеу жұмыстарын көрген аудан басшысы мердігер мекеме “Қыран” ЖШС-нің жауапты қызметкеріне алдағы уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс қарқынын күшейтіп, екі аусымда жұмыс жасау жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар жұмыстың ең бастысы сапасына аса мән беру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, алдағы уақытта қала ішіндегі Мұратбаев пен Қожаназаров көшелері толықтай асфальтталып, арнайы жол белгілері орнатылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<