ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР СЕНБІЛІК ЖӘРМЕҢКЕГЕ АСЫҚТЫ

562

0

Кеше Жаңақорған ауданы мен «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Қызылордалықтар таң сәріден жәрмеңкеге асығуда.
Қала төріндегі жәрмеңкеге жаңақорғандық диқандар 25 жүк көлігіне тиелген 100 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін ұсынуда. Айта кетейік, барлық тауарлар базар бағасынан 10-15%-ға төмен.
Атап айтқанда, 25 тоннадан астам күріш, 25 тоннадай картоп, 5 тонна сәбіз, 10 тонна пияз, 15 тонна қауын мен қарбыз, 15 тонна асқабақ, 5 тонна көкөніс өнімі жеткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<