Қызылорда облысы әкімі Нәлібаевтың халық алдында ашуланып тұрған видеосы «монтаж» болып шықты

385

0

Фото: ашық дереккөз

Желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тұрғындарға пәтер кілтін табыстау кезінде «ашуланып» тұрған сәтіндегі видео тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы korip_kelkz парақшасында пайда болған еді. Артынша парақша иелері видеоның түпнұсқасын өшіріп, жағдайды түсіндірген.

«ОБЛЫС ӘКІМІ АШУЫН ҰСТАЙ АЛМАЙ ҚАЛДЫ» деген тақырыппен Қызылорда облысының әкімі кілт тапсырып жатқан видеосын парақшамызға жариялаған болатынбыз. Бұл видео арқылы әкімнің ар-намысына нұқсан келтіріп, кең тарату туралы мақсатымыз болған жоқ.

Жақында ғана ашылған парақша болғандықтан, рейтинг жинап, көбірек оқырмандар тарту үшін бұл біз видеоны арнайы приложение арқылы монтаждап, түпнұсқасын өзгертіп, жылдамдығын көбейтіп, «әсерлі» музыка мен халыққа өтімді тақырып қойып, таратып жібердік», – дейді парақша иелері.

Олар осы әрекеті үшін кешірім сұраған.

«Құрметті БАҚ өкілдері мен желі қолданушылары видеоның түпнұсқасын өзгертіп, ретсіз таратуларына жол бермеулеріңізді сұраймыз. Шын мәнінде әкімнің тұрғын үй кілтін табыстау рәсімінде ондай келеңсіз жағдай орын алмаған», – делінген жазбада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<