Арналар бар тілегім

490

0

Жалағаш,

Тағдырыма тап келіпсің талайлы,

Өздеріңмен өткеріппін талай жыл.

Алтайымның сағынсам да шыңдарын,

Мен өзіңді жұмағыма балаймын.

Жалағаш,

Жақсылар мен жайсаңдардың мекені,

Атағыңды аспандатып өтеді.

Бір Бұқарбай,Қорқыт бабам қобызы,

Бүгінгі күн болмысыңның өтеуі.

Жалағаш,

Төрге шықтым Томирис боп төріңе,

Өмірімнен сыр шертілді өріле.

Бақыттымын!

Аспанымда той бүгін!

Көгершіндер қанат жайған көгіне.

Халқымменің,

Ортаймас алтын кенім!

Жыр – шашу өздеріңе,

Арналар бар тілегім.

**********************
Салтанат,

Естімейміз сенің нәзік,

Жүрегіңнің дүрсілін.

Шарасыздан

Қайраным жоқ күрсініп.

Аққу мойын,ару жүзің мұңданып,

Қарайтындай

Еліктірген елік сынды түр,сының.

Елігім- ай,еркесі едің еліңнің,

Еркіңді алып,торға түстің,көмілдің.

Бір құзғынның жемтігі боп жәукемдер,

Қайғы жүтып,естіген жан егілді.

Жүрек емес,тасқа айналған сезімі,

Көрсоқырдың нұры  да  жоқ көзінің.

Мың құбылған пәтуәсіз сөзінің,

Мойындамай өлтіргенін өзінің.

Шындық қайда,шырылдаған бозторғай?

Сұмдық бар ма,мұнан өткен ,асқандай?

Ар азабы  тарттырары жазаны,

Күмәнім жоқ,қоңырау сынды азалы.

Салтанат,

Сенің рухың оятты сан жүректі,

Еркіндіктің туын тіктеп,жыр етті.

Ұшар құстың қия алмайсың қанатын,

Күн де ,күнде жарып шығар түнекті!

*********************************

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Аңыздарда айтады көне болған.

Сол кеменің сұлбасы мұндалап тұр,

Қалыпкеткенкуәдайсолажалдан.

Топансуыбасқандажердіңбетін,

Нұх пайғамбар кемесі жарып өтіп,

Тиеген мақұлықтарды жұп- жұбымен,

Кеменің қабырғасын қалың етіп.

Тіршілік қайта солай басталыпты,

Орнында сол теңіздің тас қалыпты.

Бара- бара биіктеп,тауларсолай

Жербетіжасылжелекжастаныпты.

Заман өтті уақытпен зуылдаған,

Қамал етті құрылықты бүгінде адам.

Топанбасты,топалаңкеліпдеген,

Хабар жетті,ойпырмай,бүгін маған.

О,Тәңірі,сақтай гөр,елім аман,

Болса деп,жүрек күпті,көңіл алаң.

Мың өліп,мың тірілген, қазағым- ай!

Мен де бір тілекшіңмің,куә далам!

Қарлығаш киелі құс саналады,

Жақсы хабар әкелген ,бар амалы

Қарлығаштар биыл көп келіп жатыр,

Ақжолтайым, алып ұш,бір хабарын!

***********************************

Сәуір де келді, Сәуір де,

Күшіне мініп,дәуірлеп.

Жер- ана жатыр бусанып,

Жылулық келді әр үйге.

Туыппын мен де сәуірде,

Бұйрығымен тәңірдің.

Асығып ,жеті ай толғанда,

Жөргегім болып,жамылғым.

Тұмақта жатып ,тербеліп

Әжемнің еміп ,бергенін.

Атамның болдым ермегі,

Қос мұңлық еді көргенім.

Ата мен әже баласы,

Болыппын сонда шамасы.

Сағынам,жүрек сыздайды,

Қамалап ойлар,таласып.

Жоқ бүгін әкем,анам да,

Сыйлаушы өмір саналған…

Сәуірдің таңы тағы атты,

Жаңарып дүние,жаралған.

Той бүгін! Тойлап жатырмын.

75 деген жасымды.

Тербеліп тұр ғой ән салып,

Тебіреніп жаным ,тасыды!

****************************

Өмірдің өзі тұрады,

Ағы мен қара алмасқан.

Күйсандык ойнау кұралы,

Саусақтар билер талмастан.

Қарасы мұңды шертеді,

Жүректің қылын қозғайды- ау.

Тіршілік неткен келте еді,

Бура боп жаным боздайды.

Ағына үміт артамын,

Ақ таңым атар әлі де.

Өткенге жок, жоқ жалтаным

Қараймын тозған тәніме..

Қатарым сиреп барады,

Жоқ бүгін Сәбит,Серікбай.

Мұң кешіп құстай жаралы,

Бәйгеден келіп солықтай,

Ентігін басқан арғымақ

Мәреге жетіп жығылар

Дірілдеп дене жалғыз- ақ

Біткенін кештеу ұғынар…

Зайра МАМЫРОВА,

Білім саласының ардагері,

Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<