Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады

192

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР Ұлттық музейінде танымал британдық мүсінші Юнус Сафардиярдың «Екінші өрлеу» атты көрмесі өтіп жатыр.

Астанаға арнайы көрме үшін  Лондоннан 2 тонна экспонат жеткізілген. Оның ішінде металл инсталляциялар мен мүсіндер, кенеп суреттер, бейнепаннолар бар.

«Менің шығармашылығым — әлемнің шексіз трансформациясының көрінісі. Көрермен ескі формалардың жойылғанын, жаңа формалардың пайда болып, тіпті ерекше дүниеге ұласып жатқанын көрсе деймін», — дейді көрме авторы.

Юнус Сафардияр — Корольдік көркемсурет академиясының мүшесі. Оның көрмелері мен туындыларының аукциондары 1986 жылдан бері өткізіліп келеді. Мүсіншінің шығармалары Нью-Йорк, Лондон, Флорида, Санкт-Петербург және басқа да қалалардағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Бірнеше жұмысы ең көне аукциондардың бірі  Sotheby’s-те сатылып, ал «Ояну» атты мүсіні Лондондағы әйгілі Regent’s Park-ке көрік беріп тұр.

Ұлттық музейдегі британдық мүсіншінің көрмесін 3,5 мыңға жуық адам тамашалады

Ұлттық музейде көрмені 3,5 мыңнан астам адам тамашалаған. Экспозиция музейдің 5-қабатындағы көрме залында ұсынылған. Көрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<