Бүгінгі жұлдыз жорамал: 14 наурыз күні сізді не күтіп тұр

391

0

Фото: ашық дереккөз

Біздің жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдір құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды реттей аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Махаббат жұлдызнамасы

Тоқты

Сізді алаңдататын қарым-қатынастарды мұқият зерделеп көріп, шынайысы қайсы екенін анықтап көріңіз

Торпақ

Бүгінгі қолайлы атмосфера романтика мен екеуара кездесуге жағымды әсер етеді. Сөз салып жүрген адамды жақынырақ тануға жақсы мүмкіндік туып тұр.

Егіздер

Бүгін сіз қарым-қатынаста қуанышқа кенелесіз, бірақ сүйіктіңізбен арада түсініспеушілік тууы мүмкін. Өзара жанжал тудыратын тақырыпты айналып өтуге тырысыңыз.

Шаян

Бүгін, әсіресе, жеке өміріңізге мұқият болыңыз. Сіздің интуицияңыз сізге дұрыс жолды табуға және өмірлік серігіңізбен өзіңізді бақытты сезінуге мүмкіндік береді.

Арыстан

Бүгін мұқият әрі дана болыңыз, сүйіктіңізді тыңдауға және оны түсінуге тырысыңыз.

Бикеш

Сүйіктіңіздің екеуіңіздің араңыздағы махаббатты сақтап қалу жолында салып жүрген күшін, еңбегін бағалайтыныңызды білдіретін сәт келді. Бұл қолдау оған күш-қуат береді.

Таразы

Сүйіктіңіздің қызығушылығы үшін де өмір сүруге тырысыңыз, бір-біріңізге сүйіспеншілік пен құрмет көрсетіңіз.

Сарышаян

Сүйіктіңіздің романтикалық тосынсыйларына дайын болыңыз: ол сізді таң қалдыруы мүмкін.

Мерген

Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз шиеленісіп кетуі мүмкін екенін естен шығармаңыз, сондықтан жаңа шешімдер қабылдауды ойластырыңыз.

Тауешкі

Бүгінгі кездесуден бас тартпаңыз. Кеш көңілді эмоция сыйлауы мүмкін.

Суқұйғыш

Жаңа адамдармен танысып, айналаңызға жаңа адамдар жинаңыз.

Балықтар

Сүйікті адамыңызға бір-екі минут көңіл бөліңіз. Қарым-қатынасыңызға романтикалық әсер қосып, сүйіктіңізге жағымды эмоция сыйлаңыз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Қуаныштарыңызды, жоспарларыңызды және тәжірибелеріңізді бөлісуден қымсынбаңыз. Бұл сіздің отбасыңызды шабыттандырады.

Торпақ

Отбасыңыз қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін немесе олар сіздің қолдауыңызды қажет етеді. Барлығын мұқият бақылаңыз: егер туыстарыңыздың көңілінде күдік жүргенін байқасаңыз, жағдайды түзеуге көмектесіңіз.

Егіздер

Бүгін үй шаруасымен айналысу не уақытты балалармен өткізу арасында таңдау тууы мүмкін. Маңыздырағын таңдаңыз.

Шаян

Мүмкіндік болса, бала күтіміне, бірлескен түскі асқа уақыт бөліңіз.

Арыстан

Туыстарыңызға жылылық танытыңыз. Оларға келгенде толерантты және мұқият болыңыз, оларды бағалаңыз және оларға қамқорлық жасаңыз, еңбегіңіз еш кетпейді.

Бикеш

Айналаңызға қамқор екеніңізді көрсетіңіз: дәмді және пайдалы түскі ас дайындаңыз немесе қызықты ойындар ойнауға уақыт бөліңіз. Есіңізде болсын: біз өз отбасымыз бен достарымыздың сүйіспеншілігіне жауаптымыз.

Таразы

Отбасыңызда жанжал тууы мүмкін, сондықтан сабырлы және парасатты болуға тырысыңыз, бір тарапты ғана жақтамаңыз. Дау-жанжалды шешу арқылы сіз айналаңыздағыларға қауіпсіздік пен тұрақтылық сезімін сыйлайсыз.

Сарышаян

Отбасылық демалыс, киноға бару, туыстарымен кездесу сияқты шаралар ұйымдастыруды өз қолыңызға алыңыз. Жақындарыңыз сіздің барлық жоспарыңызды қуана қолдайды.

Мерген

Жақындарыңызға қамқорлық жасау сіздің өміріңізге оң өзгерістер әкеледі. Толерантты және жұмсақ болыңыз, бұл үйде жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Тауешкі

Отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз, бірге табиғат аясында серуендеу балаларға да пайдалы болмақ.

Суқұйғыш

Бүгінгі күніңіз жағымды жаңалыққа толы болады. Маңызды мәселелерді шешіп, отбасына уақыт бөліңіз: бұл жан тыныштығы мен жылулық әкеледі.

Балықтар

Отбасыңыз бен достарыңызға ертеңге жоспар құруға көмектесіңіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<