Еңбек ардагері Сәпен Аңсатов – 80 жаста

1406

1

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова еңбек ардагері, «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсатовты 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы мерейтой иесінің ғибратты ғұмыры өзгелерге үлгі, жастарға өнеге екенін айтып, ұзақ ғұмыр, шығармашылығына зор табыс тіледі.

– Аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген құрметті азаматтарымыздың бірісіз. Түрлі басылым беттерінде адами қасиеттерді ұлықтайтын, ұрпақ тәрбиесіне байланысты эссе, очерк мақалалары, «Мәуелі мезгіл» ғұмырбаяндық және ата-бабалар ұстанымдары жайлы «Болмыс» атты кітабын жазып, құнды мұра қалдырдыңыз. Сіздің еңбек жолыңыз өскелең ұрпаққа өнеге болары анық. Бүгінгі мерейтойыңыз құтты болсын!, – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Мұнан соң аймақ басшысы Еңбек ардагері Сәпен Аңсатовқа Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстап, иығына шапан жапты. Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық мәслихаттың депутаты Шәкизада Әбдікәрімов мерейтой иесінің өмір жолынан естеліктер айтып, елге сіңірген еңбегінің орасан екенін жеткізді.

Өз кезегінде Сәпен Аңсатовқұрмет көрсетіп, еңбегін елеген аймақ басшысына алғысын жеткізді.

Еске салайық, Сәпен Аңсатов – 1940 жылы 21 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

1975 жылы Қызылорда қаласындағы «Комсомол» совхоз техникумын техник-механик мамандығы бойынша, 1984 жылы Жамбыл су шаруашылығы құрылысы институтын инженер-механик мамандығы бойынша сырттай оқып бітірген.

1958-1976 жылдары Жосалы механикалық зауытында токарь, слесарь, мастер, механикалық цех бастығы, комсомол, кәсіподақ ұйымдарының жетекшісі.

1977-2000 жылдары Қызылорда ағаш өңдеу, силикат қабырғалық материалдар зауыттарында, мұнай базасында директор, «Қызылорда мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының вице-президенті, «Сырдария мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарған.2000 жылдан бастап зейнетте.

Қармақшы ауданының Құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<